RU
Қарағандыда жаяу жүргінші жолағынан өткен қызды көлік қағып, мерт қылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда жаяу жүргінші жолағынан өткен қызды көлік қағып, мерт қылды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда жаяу жүргінші жолында қызды қағып кетті. Дәрігерлердің хабарлауынша, оның жол апатынан бас сүйек миына зақым келіп, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған деп хабарлайды Nur.kz тілшісі.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Жол көлік апаты Қарағандының Пришахтинск ауданында орын алған. Жәбірленуші 24 жаста болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жас қызды Mercedes маркалы автокөлік қағып кеткен. Көлік қыздың денесін бірнеше метр жолға айдап барып, содан кейін ғана тоқтапты.

"Біз жаяу жүргінші жолағынан бірге өттік. Ол кішкене асығып менен бір адым алда жүрді де, көлік қағып кетті. Ал мені артқа лақтырды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші кінәлі. Өйткені ол жерде жаяу жүргіншілерге арналған жол болатын. Сол кезде жолдан өткен ададмдар көп болды. Жеті адамдай болдық-ау деймін»" ,- деп айтып берді оқиға куәгері.

"Қоңырау 19.07 де түскен. Оқиға орнына кешікпей бірден жедел жәрдем көмекке келген. Зардап шегуші қыздың бас сүйек-миына зақым келіп, көптеген дене мүшелері жараланған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Болған оқиға орнында қайтыс болған қыздың анасы шақырылды. Оған да медициналық көмек көрсетілді. Жол апатының тергеу ісімен полиция айналысаып жатыр.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір