RU

Аяғынан айырылған астаналық футболшыға мүгедектер арбасы берілетін болды

Астаналық 18 жастағы футболшы Бахтияр Мұхамбетқалиев мүгедектер арбасын аладтын болды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: facebook
Фото: facebook: UGC

"Дос" Тәуелсіз өмір орталығы" мүгедектер қоғамдық бірлестігі жас спортшыға мүгедектер арбасын сыйлайды.

"Біз қандай мүгедектер арбасын қажет ететінін түсінген кезде бірден оны сатып аламыз. Әдетте біз мүгедек арбасын сыйға таратпаймыз, бірақ оған тегін береміз деп шештік", - деп түсіндірді орталық қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, ауыр дерттен кейін аяғынан айырылған астанадалық спортшы өзіне мүгедектер арбасын бермегеніне наразылық білдіріп, бейнежазба түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1724117-aagynan-ajyrylgan-astanalyk-futbolsyga-mgedekter-arbasy-beriletin-boldy.html