RU
68 жастағы қытайлық адам сенгісіз жастық қалпын сақтап, әлем жұртын таңғалдырды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

68 жастағы қытайлық адам сенгісіз жастық қалпын сақтап, әлем жұртын таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Шанхай қаласында тұратын зейнеткер өзінің жасынан екі есе жас көрінеді. Ол көпшілікке өзінің сымбатын сақтау сырымен бөлісті деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған Nur.kz.

Фото: Lenta.ru

Фото: Lenta.ru

68 жастағы Ху Хай өзінің жас көріну себебін белсенді өмір салтын ұстануымен байланыстырды. Ол йогамен айналысады және би билеп ән айтқанды ұнатады.

Ху Хай әсіресе бөксе биін жақсы көреді екен. Зейнеткер оны жергілікті театрларда орындағанын мәлімдеді.

Зейнеткердің пікірінше, әрбір адам үш жасқа ие: биологиялық, психологиялық және физикалық. Ол өзінің психологиялық жасын 20-дан артық емес деп санайды. Сондай-ақ көзінің жеке жасын арнайы машинамен өлшейді екен. Айтуынша, ол қазір 43 жаста.

"Жаңа және керемет нәрселермен танысқанда біз қартаймаймыз және мәңгілікке жас боламыз. Сондықтан, күн сайын мен оянып, өзіме әлі жасау керек көп нәрселер бар екенін айтып тұрамын", - дейді ол.

Ху Хай 1950 жылы туған. Ол жас кезінде тоқыма фабрикасында жұмыс істеп, сахнаға шығуды армандаған.

"Көптеген адамдар маған театр, би немесе ән айтуға кеңес беретін, бірақ мен Коммунистік партиясының мүшесі болғандықтан, зауытты қалдырып, онымен айналыспауға болмады", - деп түсіндіреді ол.

Ал 40 жасында Ху Хай өз мамандығын өзгертіп, экономист болады. 2016 жылы Шанхайдың егде тұрғындары үшін ұйымдастырылған конкурсқа қатысады. Ол жарыста жеңіске жетіп, "ең сәнді Шанхай атасы" деп танылған. Бұл оған даңқ пен түрлі бағдарламаларға көптеген шақырулар әкеліпті.

Ху Хайдың 37 жастағы қызы бар, бірақ әзірге немерелері жоқ екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
3
18
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір