RU
Түркістанда басына ине шаншылып, өңеші күйген қыздың әкесі: Оның қалай болғанын білмейміз
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанда басына ине шаншылып, өңеші күйген қыздың әкесі: Оның қалай болғанын білмейміз

Рассказать Вконтакте

Басына ине шаншылып қиналған түркістандық бүлдіршіннің әкесі "Дом" қайырымдылық қорының жетекшісі Аружан Сайынның әлеуметтік желіде жазған жазбасының басым көпшілігі шындыққа сәйкес келмейтінін айтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты шындықтың бетін ашпақ болған бүлдіршіннің әкесі бүгін журналистерге арнап брифинг өткізді. Өз сөзінде ол қызының басынан ине алынып, өңеші күйгенін растады.

Бұл дертке отаны Алматы және Астанадағы медицина мекемелерінде жасалатынын әкесі о баста білген екен. Тек Өзбекстан, Ресей, Корея елдеріндегі әдістерді танып білген азамат өңеш күйігін Үндістан елінде отасыз-ақ емдеуге болатынын естиді. Бірақ оған қомақты қаражат керек болған.

Осыдан кейін науқас қыздың әкесі "Дом" қайырымдылық қорынан көмек сұрайды. Ол кезде бүлдіршін үш жаста болған. Ондағылар көмек қолын созбақ болып, аталған елге жібереді. Тек емдеу әдістері қызына отадан да қатты әсер ететінін естігенде, бұл емнің түрінен бас тартыпты.

"Перзентіме ауыр тиеді, оданша ота жасатайын. Оны өз еліміздегі мамандар да жасай алады. Қордың соншама қаржысын Үнді еліне шашқанша, ол қаржы өзге науқастың еміне жұмсалсын" деген оймен елге оралыпты. Жолға кеткен шығынның бір бөлігін тұрғын өз қалтасынан шығарып, бір бөлігін әуе компаниясы тегін ұсынған екен.

"Қордың көмегі қатты тиді деп айта алмаймын. Ол кісінің "әкесі де хабарсыз, қыздан да хабар жоқ. Қыз өліп қалуы мүмкін" деген сөзі шындыққа сәйкес келмейді. Қордың бірнеше қызметкерімен әлі күнге дейін байланысып отырамын. Бұл маған жабылып жатқан жала сияқты. Ол кісінің (автор: Аружан Сайын) айтып жатқан нәрсесі дұрыс емес. Мен өмірде бармын, өмір сүріп жүрмін. Қызға 2016 жылы Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы институтында ота жасалды. Қыздың дені сау, Құдайға шүкір",-деді бүлдіршіннің әкесі Нұржан.

"Қордан өңеші күйген қызыма көмек сұрап, емдетуін сұрап отырсақ, бізге проблема жасап берді. Бір жарым жыл тергеуде жүрдік. Өткен жылдың наурыз-сәуір айында ата-ана құқығынан айырылмасын деген сот шешімі шықты", - деген Нұржан, тергеу кезінде отбасы мүшелері, көршілері, туыстарының барлығы наркологиялық, психологиялық диспансер секілді мекемелерден тексеруден өтіп, барлығында нәтиже оң болып шыққанын мәлім етті.

"Өңешті күйдірген қышқыл сұйықтықты бүлдіршінге берген кім сонымен?" деген сұраққа "Ол нәрсені мен де білмеймін, ешкім білмейді. Өзім де білгім келеді. Табылса, жазасын алсын деп отырмын мен де" деген бүлдіршіннің әкесі, қыздың сұйықтықты өздігінен ішіп қоюы да мүмкін екенін айтты.

Ал инені өзі жұтып қойды ма, әлде біреу әдейілеп тықты ма деген сұраққа да "ол жағын білмеймін" деп, ат тонын ала қашқан. Белгілісі, баланы тексерген кезде, оның басында металл заттың бар екені анықталған.

Ота жасалып, ине алынған. Кейінірек ташкенттік дәрігерлер бүлдіршіннің өңеш жолын ашу үшін бір жылдай ем жүргізеді. Мұнан соң Алматы қаласында ота жасалыпты.

Түркістандық азаматтың айтуынша, алматы жастағы қызының жағдайы бүгінде жақсы. Өздігінен тамақтанып, тіпті мектепке де барады. Салмағы желіде жазылғандай 8-ақ келі емес, 17 келі. Бойы - 1,8 м. Айтпақшы, бүлдіршіннің әкесі әлеуметтік желіде жазылған ақпараттың 90 пайызы шындыққа сай келмейді деп отыр.

Еске салсақ, Аружан Сайын ОҚО-дағы кішкентай қыздың жантүршігерлік оқиғасын желі парақшасында жария еткен болатын. Оның мәліметінше, бүлдіршін өзінің туыстарынан жапа шегіп отыр.

Бас жарақатын алған бүлдіршіннің еңбегіне ине тығылғаны анықталады. Кейінірек өңеш, ауыз қуысы мен мұрны қатты күйгені белгілі болады. Сайынның айтуынша, жарақаттарды келтіру сипаты бүлдіршінге қышқылды қасақана ішкізгенін аңғартады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
6
7
2
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel