RU
Басы жоқ болса да тамақтанып, тірі жүрген тауық елді шошытты (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Басы жоқ болса да тамақтанып, тірі жүрген тауық елді шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Таиландта бассыз қалған балапанның өмір сүріп жатқанына бір апта болды. Ол тамақтанып, антибиотик қабылдап жүр екен. Құсқа қарайтын ветеринар Арун Тонг балапанды нағыз сарбазға балап отыр деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Lenta.ru

Фото: Lenta.ru
Source: UGC

Дәрігердің айтуынша, балапан қолға үйретілген және емге еш қарсылық білдірмейді. Оған тамақты да, антибиотикті де мойны арқылы береді.

Құстың қандай жағдайда басынан айырылғаны белгісіз. Дегенмен жергілікті тұрғындар сөзіне сүйенсек, оған жануарларлар шабуыл жасаған болуы мүмкін. Ветеринарлық клиника қызметкерлері балапанды алып кетіп, күтім жасайтын адамды күтуде.

"Оған өмірлік қамқорлық керек. Мойындау керек, бұл балапан – нағыз ержүрек сарбаз сияқты" ,- дейді дәрігер.

Осыған ұқсас оқиға 1945 жылы Колорадода болған. Фермер құстардың бірі жүгіріп, өзіне қарай секіргенідіктен балапанның басын шауып тастайды. Бұл жайтқа ғалымдар мен журналистер қызығушылық білдірген. Осы жағдайдан кейін фермер өзінің балапанымен мемлекеттерге сапар шегеді. Балапан жарты жылдан кейін ғана өңеші тұншығып қайтыс болыпты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
5
3
1
7
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel