Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүктілігімді толғақ келгенде бір-ақ білдім: Америкалық әйел уландым деп, ұлды болды

Опубликовано:

Америкалық әйел қытай мейрамханасынан тауық жеп, өзін нашар сезінгеннен кейін жедел жәрдем шақырған. Бірақ дәрігерлер оған толғақтың басталғанын айтады. USA Today баспасының хабарлауынша, әйел өзінің жүктілігі жайлы білмеген деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Кристал Гэйл Эмерсон (Crystal Gail Amerson) Флорида штатында тұрады. 26 наурыз күні таңғы сағат төрттер шамасында іші ауырып, жүрегі айнып оянады.

29 жастағы әйел кешкі асқа жеген тағамнан уланып қалдым ба деп ойлаған. Ауруы одан сайын күшейіп кеткен соң, дәрігер шақыруға мәжбүр болады. Америкалық әйел жедел жәрдем көлігінді ауруханаға бара жолда босанып алады.

Бұрын бұл бригада бала туу жағдайына кездеспеген екен. Дегенмен барлығы сәтті аяқталып, Эмерсон Оливер атты сап- сау баланы дүниеге әкеледі. Бұл Эмерсонның екінші баласы. Әйел бірінші жүктілігі сияқты, бұл жолы да ешқандай белгілер болмағанын айтады.

"Менің дене бітімім аса қатты өзгерген жоқ және өзімді нашар сезінбеппін", - дейді ол.

Дәрігер Джули де Сезаренің (Julie DeCesare) сөзіне сүйенсек, кей әйелдер жүктілігі туралы босануға бірнеше сағат қалғанда ғана біледі екен. Бірақ жиырма жылдық тәжірибесінде мұндай жағдай тек қана үш рет кездескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1724129-zktiligimdi-tolgak-kelgende-bir-ak-bildim-amerikalyk-jel-ulandym-dep-ldy-boldy/

pixel