RU
Мүгедек баланы өлтірді деген тәрбиешіге қатысты жантүршігерлік жайттар белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Мүгедек баланы өлтірді деген тәрбиешіге қатысты жантүршігерлік жайттар белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Мүгедек баланы азаптап өлтірді деген әйелдің үш бірдей кәмелетке толмаған қызының барын алға тартқан туыстары оның жазасын жеңілдетуді өтінуде. Десе де қара жамылған отбасы балаға жаны ашымаған әйелге кешірім беруден үзілді-кесілді бас тартып отыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мүгедек баланы өлтірді деген тәрбиешіге қатысты жантүршігерлік жайттар белгілі болды

Мүгедек баланы өлтірді деген тәрбиешіге қатысты жантүршігерлік жайттар белгілі болды

Қайтыс болған балалардың туыстары асқан қатігездігі үшін оған ең қатаң жаза қолдануды талап етіп отыр. Ал бүгінге дейін Құттықожаевтар отбасы мен журналистерге төбе көрсетпей жүрген Талғардағы мүгедек балалар интернатының басшылары болса бүгін тұңғыш мәрте түнде болған жантүршігерлік оқиға жайлы айтып беруге келісті.

Мүгедек балалар жатақханасындағы жантүршігерлік оқиғаның жай-жапсары белгілі болды. Сот сараптамасы жарымжан баланың жүрек ауруынан емес, қылқындырылып өлтірілгені анықтаған бойда тәрбиеші шындығын мойындаған.

Тергеу мәліметтерінде жазылғандай, 30 жастағы келіншек жылап қоймаған жеткіншекті жаялықпен мойнынан бұрап төсектің иін теміріне таңып қойыпты. Артынша баланың өз шұлығымен белін де төсекке тас түйін байлағанын айтқан.

Бала екі сағат бойы солай жатыпты. Тек еріндері көгере бастағанда бір-ақ шешіп алған.

Осылай баланы тыныштандырмақ болдым деген күтушінің туыстары енді кешірім сұрап қайта-қайта қара жамылған отбасының мазасын алып жатыр екен.

"Менің сіңіліме хабарласыпты кешірім туралы айтып. Бірақ мен кешірім бере алмаймын! Жазасын тартсын, қарағым!", - дейді Мұхамеджанның нағашы апасы Кеңескүл Әділова.

Бір емес, үш бірдей кәмелетке толмаған қыздарының барын алға тартқан күдікті әйел 8 жасар Мұхамеджанның анасынан өзіне түсініспен қарауды өтініп жүр екен.

Мүгедек баланы өлтірді деген тәрбиешіге қатысты жантүршігерлік жайттар белгілі болды

Баланың анасы

"Қолдан өлтіріп отыр ғой өзі буындырып! Құдай жазасын берсін! Мен оның үш емес, он баласы болса да мен оларды кешірмеймін!", - дейді Мұхамеджанның анасы Зарина Құттықожаева.

Ал жантүршігерлік бала өлімі болған Талғардағы мүгедек балалар интернатының басшылығы болса енді сөзге келе бастады. Айтуларынша, сол түні балалардың түн ұйқысын бір емес, бақандай 10 маман қорғап отырған екен.

Яғни, балалар бақылаусыз қалмаған. Бірақ, неге екені белгісіз бастапқыда сұхбат беруге дайынмын деп тілшілерді шақыртқан директор орта жолда ойынан айнып қалып, камераға орынбасарын тықпалады.

"Мейрам күндері болған. Таңертең баланың қайтыс болғаны туралы айтты бізге. Жарқын Нұрланұлы береді сұхбатты береді. Толық ақпарат сол кісіде.

"Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді демекші, бір осындай салғырттық іс әрекетінен бүкіл мекеме қызметкерлеріне, жалпы мекеме атына үлкен сын боп тұр. Тәрбиешілердің бәрі алды 20 жыл, соңы 7 жыл еңбек еткен кісілердің еңбегін жоққа шығаруға болмайды әрине. Дегенмен, жұмыс тәртібі бұдан да күшейтілді", - дейді «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Жарқын Нұрланұлы.

Яғни, бұдай былай әрбір баланың бөлмесінен бір бірден бейнебақылау камерасы орнатылатын болыпты. Қазір аталған іс бойынша тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
8
10
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel