RU
Мәдениет және спорт саласының қызметкерлері тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетті
Жаңалықтар Қоғам

Мәдениет және спорт саласының қызметкерлері тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Рассказать Вконтакте

Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға бір күндік жалақысын аударды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәдениет және спорт саласының қызметкерлері тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Мәдениет және спорт саласының қызметкерлері тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Мәдениет және спорт министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созды. Министрлік су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы үндеуге қосыла отырып Шығыс Қазақстан облысындағы зардап шеккен аудандарына 1 жарым миллион теңге аударды.

Сонымен қатар, Алматыдағы Мәдениет ұжымдары да зардап шеккендерге 2 тонна киім-кешекпен, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері 500 мың теңгелей қаржымен жәрдемдесті.

«Шығыс Қазақстандағы табиғаттың тосын сыйы көпшілікті есеңгіретіп тастағаны белгілі. Өрт пен суды халқымызда «тілсіз жау» деп бекер айтпаған болар. Елімізде табиғи апаттардың алдын алып жатса да, кей уақыттарда қарсы тұру мүмкін болмайды...
Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Үкімет тарапынан, еліміздегі басқа облыс тұрғындарынан гуманитарлық, материалдық көмек көрсетіліп жатқанын ақпараттық құралдар арқылы естіп, біліп отырмыз. Су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға сабырлық тілей отырып, осыған орай Мәдениет және спорт министрлігінің ұжымы да «Парыз» Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық қайырымдылық қорының есеп шотына ақша аударды.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, халқымыз жаманшылық көрмесін деген тілегіміз бар! Бір-бірімізге қиын сәттерде сүйеу бола білейік» - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel