RU
Өзін құдайға теңеген секта басшысы 10 жыл бойы балаларды азаптап келген
Жаңалықтар Әлемде

Өзін құдайға теңеген секта басшысы 10 жыл бойы балаларды азаптап келген

Рассказать Вконтакте

Америкада 75 жастағы Анна Янг «Дұға үйі бәрі үшін» сектасын ұзақ уақыт бойы басқарған. Анна ана атанып кеткен ол балаларға қорлық көрсетіп, Эмон Харперді азаптап өлтіргені үшін сотталды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Флорида штатына танымал секта басшысы 80-ші жылдардың соңында үш жасар Эндрю Харперді өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылды. Кішкентай бала аяусыз соққылар мен аштық кесірінен көз жұмған.

Анна Янгтің үстінен арызды оның туған қызы Джой Флюкер түсіргені белгілі болды. Ол ұзақ уақыт бойы жасырып келген сұмдық оқиғаны енді құпия ұстай алмаған көрінеді.

Оның айтуынша, «Дұға үйі бәрі үшін» сектасында балалар өте көп болған. Тіпті кейбір балаларды қамқор бола алмаған ата-аналары өздері әкеліп тастап жатқан. Аннаның қол астында балалар үшін нағыз тозақ өмір басталды. Ол кішкентай бір қателік пен ағаттық үшін бүлдіршіндерді қатаң жазалаған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Науқастанып қалған балаларға дәрі-дәрмек бермек түгіл, олардың денсаулығына одан бетер зақым келтіргенді секта басшысы сүйікті ісіне айналдырды. Бір қызды жазаламақ болып Анна химикаттар қосылған суға шомылдыруға дейін барған.

1992 жылы қатыгез Аннаның сектасы тарап кетті. Оның құрамында болған Джон Нилдың айтуынша, өзін құдайға теңеген әйел оның туған сіңлісін өлтіріп, жігіттің өзіне де сансыз жарақат келтірген.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

«Ол менің сіңліме жануарға сияқты қарады. Аннаның билігі құдайдан да бетер болды», - деп айтты Джон.

Бір күні секта басшысы 12 жастағы қызды ағартқышпен шомылдырылған. Оның ойынша, қыздан жағымсыз иіс шығып тұрған көрінеді. Мұны естіген қыздың ата-анасы Анна Янгқа арыз түсіреді. Флоридадан қашып үлгерген секта басшысы 2001 жылы алты жылға сотталған.

Бостандыққа шыққан соң, ол 16 жыл бойына өзінің сорақы әрекеттерін көршілерінен жасырып келді. Алайда, анасының қатыгездігіне бей-жай қарай алмаған Джорджия полицияға барып бар шындықты жайып салған.

Джорджияның арызынан кейін ғана, ұзақ жылдар бойы тіс жаруға қорыққан сектаның бұрынғы мүшелері өз арыздарымен полиция бөліміне ағылған.

Анна Янгтің ісі бойынша әлі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған қандай үкім шығатыны әзірге белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
7
14
1
2
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel