Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейдің шеткі аудандарын бірінен-соң бірін су басып жатыр (фото)

Опубликовано:

Семейдің шеткі кенттерін бірінен кейін бірін су алып жатыр. Кеше Затон кенті мен Бобровка ықшамауданының саяжайларын түгелдей топан су басқан еді. Енді Мирный кенті тасқынның ортасында қалды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Семейдің шеткі аудандарын бірінен-соң бірін су басып жатыр (фото)
Семейдің шеткі аудандарын бірінен-соң бірін су басып жатыр (фото): UGC

Қазіргі уақытта 141 үйді тасқын шайғаны белгілі болды. Сондай-ақ, Бобровка ықшамауданында орналасқан 596 саяжайды су алып тұр. Ал Мирныйда тасқыннан нақты неше баспанаға зақым келгені әзірге белгісіз. Себебі, бұл кентті кеше кешкі сағат 9-да су ала бастаған болатын.

Бүгін жергілікті мамандар төртінші мәрте Ертістің төменгі ағысына мұзды жару жұмысын жүргізді. Соның нәтижесінде, қазіргі мезетте Мирный кентіндегі судың деңгейі алғашқыға қарағанда түсе бастаған. Ал жұрттың дүние-мүлкі түгелдей тасқынның астында қалды.

"Құжатты да ала алмай қалдық. Киім міне үйде қалай жүрдік, солай кеттік", - дейді Семей қаласының тұрғыны Сәуле Тайтөлеуова.

Қазір апат аймағында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 220-дан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олармен психологтар және дәрігерлер жұмыс жүргізуде.

Өкінішке қарай, рас. Өткен тәуілікте, Затон кентіндегі бес көшені су басып қалған еді. Енді, дүние-мүлкін тастай сала бас сауғалауға мәжбүр болған жұрт баспаналарының тоналып жатқанын айтып отыр.

"Қазір ешкім ешқандай жағдай жасап жатқан жоқ. Түнде менің үйіме ұры кірді. Формада тұрған полицияға барып айтып едім, олар түк істей алмаймыз деді болды", - дейді Семей қаласының тұрғыны Дәмилия Сұлтанқызы.

Бірақ мұны тұрғындар айтқанымен, жергілікті билік оған қатысты әзірге ақпарат таратқан жоқ.

Тіпті, жұрт үйлерінің әйнегін ұрылар шағып кірді дегенімен, қандай заттарының қолды болғанын нақты білмейді. Өйткені, үйлері әлі күнге дейін судың ортасында тұр екен.

Сондықтан, дүниелерін түгендей алмай жүр. Тіпті, кейбіреуі баспаналарын түнімен кірпік қақпай өздері күзетіп шығыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1724139-semejdi-setki-audandaryn-birinen-so-birin-su-basyp-zatyr-foto/

pixel