RU
Ақтауда 139 оралман отбасы баспанасыз қалып, көше безіп жүр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда 139 оралман отбасы баспанасыз қалып, көше безіп жүр

Рассказать Вконтакте

Ақтаудағы бейімдеу орталығын төрт жыл бойы мекен етіп келген оралмандар далада қалды. Жалғыз баспаналарынан айырылған олар енді қайда барарын білмейді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Иран мен Өзбекстаннан ата жұртқа көшіп келген 139 оралман отбасы жергілікті билік тарапынан көмек атаулысын көрмегенін айтты. Олардың айтуынша, билік өкілдері уәде етілген арнайы бағдарлама мен квотаның бірі де жасалмаған.

«Бізге шығыңдар деп жатыр. Қайда барамыз. Әкімдікке барсақ құжат жинаңдар дейді.Бір-екі күнде құжатты қалай жинаймыз? «Нұрлы көш» бағдарламасымен келдік. Үй, баспана, квота беру керек болған», - деп мұңын шалды оралман отбасы.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Азаматтық алмағандықтан қандас бауырлар жұмыссыздыққа тап болса керек. Төрт жыл бұрын оңалту және бейімдеу орталығы болып келген мекеме енді әлеуметтік жатақханаға айналып кетті.

Алдағы уақытта ол жерге әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жетім-жесірлер мен мүгедектерді қоныстандыру жоспарлануда.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Ал, 139 отбасы өз кезегінде жатақхананы босатуға міндетті болып отыр. 31 наурызға дейін орталықтан өз еркімен кетпесе, билік өкілдері оларды күшпен қуылатындарын ескерткен.

Жергілікті билік бұл мәселеде оралмандардың өздері кінәлі екенін айтты. Олар ұзақ жылдар бойы баспана алуға талпынбаған көрінеді.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Маңғыстау облысы әлеуметтік бағдарламалар басқармасның бөлім басшысы Набат Баймұналова әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарын тапсырғандарды қумайтындарын айтып сендірді. 7 жыл бойы Үкіметке қарап отырып, өздері іс-әрекет істеуге талпынбаған оралмандардың наразылығын түсінбейтінін де жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
1
5
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel