RU
Бүгін Қазақстанның басым-бөлігінде жел күшейіп, тұман болады
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін Қазақстанның басым-бөлігінде жел күшейіп, тұман болады

Рассказать Вконтакте

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: РМК Қазгидромет

Фото: РМК Қазгидромет

Бүгін Қазақстанның орталығында көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, найзағай және бұршақ болуы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл,шаңды дауыл, желдің күші 18-23, екпіні 30 м/с және одан аса күшейуі күтіледі.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде жаяу бұрқасын, тұман болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 118-23 м/с күшейеді, күндіз найзағай болады. Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір