RU
Орта жаста өмір бойы айналысқан жұмысты ауыстыру: Тиімділігі мен зияны қандай?
Жаңалықтар Қоғам

Орта жаста өмір бойы айналысқан жұмысты ауыстыру: Тиімділігі мен зияны қандай?

Рассказать Вконтакте

Егер сіз өзіңізді бос нәрсемен айналысып жүрмін деп ойласаңыз немесе күнделікті қайталана беретін жұмыстан шаршасаңыз, жұмыс орныңызды алмастыратын уақыт келіп жетті. Ол үшін зерттеушілердің тәжирибесіне көңіл бөліңіз деп хабарлайды psychologies.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: psychologies.ru

Фото: psychologies.ru

Қазіргі қоғамда көп адам орта жасқа жеткенде жұмыс орнын өзгертуді қалайды. Күнделікті қайталанатын іш пыстырарлық жұмысты тастап, шығармашылық бағытқа көшуді қалаймыз. Дегенмен адам жасы ұлғайған сайын, мұндай маңызды қадам жасауға қорқып жатады. Сондықтан ғалымдар жұмыс ауыстыру барысындағы қорқыныштарды жеңуге арналған бірнеше кеңестер береді.

Кез-келген жаста жұмыс орнын мүлде басқа бағытта жаңарту – адамды бақытты етеді

Бүгінде көптеген адамдар егде жасқа жеткенде шығармашылық бағытқа ауысуды қалайды. Бұл дегеніміз жай ғана сурет салу немесе өлең шығару емес. Бұл кез-келген адам «Мен өзім жасадым» деп айта алатын нәрсе.

Дегенмен, көпшілігі мұндай шешімді тез қабылдай алмайды. Егде жаста жұмысты өзгерту бірнеше сатыдан тұрады:

Бірінші саты – көз жеткізу

Ғалымдар жұмысыңызды өзгертуге уақыт келгенін көрсететін бірнеше белгілерді атады:

- жұмыс барысында ішіңіз пысады;

- мамандық бойынша арнайы әдебиетті оқудан бас тарту;

- сіз өз салаңызда барынша жетістікке жеткендей көрінесіз;

- жұмыста ойыңыз көп бөлінеді;

- жұмысқа баруға деген ынтаңыз мүлде жоқ;

Әрине, мұндай белгілердің болуы жұмысты тез арада тастап кету керек дегенді білдірмейді. Алдымен ұзақ уақытқа еңбек демалысына шығып көріңіз немесе бастығыңызбен ашық сөйлескеніңіз жөн. Егер осы талпыныстардан кейін де жұмысыңызға көңіліңіз толмаса, келесі сатыға көшіңіз.

Екінші саты – қорқынышты жеңу

Жұмыс өзгерту туралы шешімге тым кеш келсеңіз, жаңа қадам жасауға қорқынышта басым болады. Бойдағы үрейді жеңу үшін:

- ең алғаш рет жетістікке жеткен уақытты жиі еске алыңыз;

- өзге таныстарыңыздың өмірінен жағымды нәрселерді үлгі тұтыңыз;

- танымал адамдардың жетістікке жету жолды туралы кітаптар оқыңыз, өзіңіз үшін жаңа шабыт іздеңіз;

- ең басты нәрсені ұмытпаңыз: сіз бұрынғы жұмысыңызға қайта орала алмайсыз;

Үшінші саты – жаңа жұмысты дұрыс таңдау

Кейбіреулер үшін бұл бала кездегі арманды орындау шығар, ал енді біреулері қайда барарын білмей жатады. Мұндай жағдайда көп ойланбай, тиісті мамандардың көмегіне сеніңіз. Адам бойындағы жеке қабілеттер мен мінез-құлқына байланысты, тиісті мамандықты таңдап берудің түрлі жолдары бар. Сондықтан нағыз мамандардың көмегі артық болмайды.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір