RU
Головкин командасы 5 мамырда "Канелоның" орнын кіммен алмастырады?
Жаңалықтар Қоғам

Головкин командасы 5 мамырда "Канелоның" орнын кіммен алмастырады?

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Головкиннің мексикалық "Канеломен" бесінші мамырға жоспарланған джекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін болып отыр деп хабарлайды ҚазИнформға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sport.bigmir.net

Фото: sport.bigmir.net
Source: UGC

ESPN арнасының журналисі Дэн Рафаэльдің айтуынша, комиссия төрағасы Боб Баннет Альварестің үстінен шағым түсіріп, осы іске қатысты тыңдауларды тағы бір аптаға ұзартса, реванш анық өтпей қалуы әбден мүмкін.

Реванш өтпей қалса, Альварестің командасына айыппұл төлеуге тура келеді. Ал Головкин өзіне басқа қарсыласты іздеуге мәжбүр болады.

Осыған байланысты Головкниге лайықты қарсылас әлі де нақталынаып жатыр екен. Жалпы үміткерлердің ішінде британдық Билли Джо Сондерс жоғары санатта тұр. Себебі оның қолында соңғы белбеу бар.

Головкин оны жеңіп алса, өз салмағында абсолютті чемпион атанады. GGG-дің командасы да Альварес шықпай қалса, соңғы белбеуді алуға күш салатынын айтып қалды.

Ал Биллидің өзі Головкин үшін бәрін тастап, оның айтқанына жүгірмеймін дегенге келтірді. Алайда оның промоутері Фрэнк Уорреннің сөзіне сүйенсек, Биллидің жарақаты қатты емес тәрізді.

"Әрине, "Канело" шықпай қалса, Головкинге мықты бір қарсылас қажет болады. Ол қарсылас - Билли Джо Сондерс. Барлық титулдарды сарапқа салып, үлкен бокс кешін ұйымдастыруға болады. Бірақ Билли қолын жарақаттап алды. Сол себепті Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жекті 23 маусымға шегердік.

5 мамырда ринге шыға ала ма, жоқ па, оны осы аптада анықтаймыз. Билли GGG-ге қарсы шықса, 80-90 процентке емес, 100 процентке дайын болады", - деді Уоррен.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
4
8
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel