RU
Кемероводағы трагедия: Ешнәрсе сезінбеймін, мен жаман адаммын ба?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Кемероводағы трагедия: Ешнәрсе сезінбеймін, мен жаман адаммын ба?

Рассказать Вконтакте

Танымал психлог жұрт қайғырып, қабырғасы қайысқан оқиғаларда ешнәрсе сезінбестен, түк болмағандай жүре беретін адамдардың жан дүниесі туралы айтып берді деп хабарлайды psychologies.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

"Кемеровадағы оқиғаға байланысты ешнәрсе сезінбеймін. Иә, мен барлығын көрдім, естідім, білдім. Дегенмен, менің бойымда ешқандай әсер болған жоқ. :ақындарымның барлығы қайғыруда, ал менде ондай сезім жоқ. Сонда мен жаманмын ба?" деген оқырман сауалына психолог маман жауап берді.

"Ешқандай әсердің болмауы, сіздің жаман болуыңыздан емес"

Бойыңызда қандай да бір сезімнің болмауы қалыпты жағдай. Белгілі бір оқиғаға байланысты арнайы көңіл күй жоқ. Оның бірнеше себебі бар:

Біріншіден – психиканың қорғаныс реакциясы. Қандай да бір жағдайда жүйке жүйесі қорғанып, оқиғаны салқынқанды қабылдауға мүмкіндік береді.

Екіншіден – қабылдау. Сіздің ойлау қабілетіңіз осы әлемнің тіршілігіне мойынсұнып қойған.

Үшіншіден – ұзақ уақытқа созылған стресс. Кейде адамдар өз басындағы тым көп мәселерден біреудің қайғысын қабылдауға шамасы жетпей жатады.

Аталған себептердің қайсысы болса да, сіздің жаман адам екеніңізді көрсетпейді.

"Өлімге қайғыру – аданың жетілу дәрежесін анықтайды"

Мен адам өлімі біреуді бей-жай қалдыруы мүмкін дегенге сенбеймін. Бәлкім, адам өзіне жаман ақпаратты жібергісі келмейтін шығар.

Желідегі оқиғаға байланысты посттар – қорғаныстың бір тәсілі. Ондағы қаптаған посттар ашуыңызға тиюі мүмкін. Келесі бір мәселе, біздің миымызда. Адамдар әр нәрсені ойдан шығарып алуға құмар. Біз құрбандардың жақындары басынан өткеріп жатқан тозақты, физикалық тұрғыдан өз бойымыздан өткіземіз. Бірақ мұнымен ешнәрсе шеше алмаймыз .Мүмкін, оқиғаның мән-жайы желіде аз тарқатылып айтылмаса, оны қабылдау біршама жеңіл болар ма еді?! Бұл қайғылы оқиғадан басын алып қашу емес. Осылай жасау арқылы адам қайғы жұту немесе алаңсыз өмірін жалғастыруды өзі таңдайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
6
0
15
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel