RU

Қызылорда облысында жүргізуші полиция қызметкерін қағып, мерт қылды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан учаскелік инспектор қайтыс болды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілиеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Жаңаарық және Байкенже ауылдарының арасында орын алған. Көлік жүргізушісі жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір күдікті іздестіріліп жатыр.

"Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1724177-kyzylorda-oblysynda-zrgizusi-policia-kyzmetkerin-kagyp-mert-kyldy.html