RU
Алматыдағы 18 адам уланған мейрамхананы тексерген мамандар жаға ұстап қалды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Алматыдағы 18 адам уланған мейрамхананы тексерген мамандар жаға ұстап қалды

Рассказать Вконтакте

Халықаралық әйелдер күні мерекесін алматылық мейрамханада атап өткен 18 қонақ ішек инфекциясымен ауруханаға жеткізілген .Осыған дейін санитарлық дәрігерлер 11 жәбірленушінің барын айтқан деп хабарлайды "Алматы" телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Мейрамханаға жіті тексеріс жүргізген санитарлық дәрігерлер жағасын ұстады. Айтуларынша, осы уақытқа дейін ол жерді бірде-бір рет тексермеген. Себебі дәмхана иелері құжатта ондағы адам сыйымдылығын едәуір азайтып көрсеткен.

Сонымен, мамандар қоғамдық тамақтану орнын тексере келе, ондағы заттардың микробтармен қатты ластанғанын анықтады.

"Енді ғана піскен тағамдар таза болған. Бірақ оны лас ыдысқа салып, кірлеген пышақтармен кескеннен осындай жағдай орын алып отыр", - дейді Алматыдағы қоғамдық денсаулықты сақтау бойынша санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің басшысы Лариса Лян

Мейрамханада туындаған даулы оқиғаға қарамастан, ондағы жұмыс әлі тоқтамаған.

"Бізде қазір сот жүріп жатыр. Әлі ресми түрде жабылған жоқпыз. Мәселе шешілу үстінде", - дейді мейрамхана иелері.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, адам кез-келген көпшілік орында тамақтан улануы мүмкін. Сондықтан, онда майонез қосылған салаттар мен толық піспейтін, жылдам қуырылатын тағамдардан бас тартуға кеңес беріп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
5
3
3
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel