RU
Әйгілі Голливуд жұлдызының денсаулығы сыр беріп, пышақ астына түсті
Жаңалықтар Әлемде

Әйгілі Голливуд жұлдызының денсаулығы сыр беріп, пышақ астына түсті

Рассказать Вконтакте

Әлемге әйгілі Голливуд жұлдызы Арнольд Шварценеггердің жүрегіне күтпеген жерден ота жасалды деп хабарлайды Newtimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Арнольд Шварцнеггер

Арнольд Шварцнеггер

Актердің жүрегіне ауыр ота жасалған соң, ол наркоздан оянып, "Мен оралдым" деп айтқан. Бұл туралы жұлдыздың өкілі Дэниел Кетчелл мәлім еткен.

Белгілі болғандай, 70 жастағы Арнольд Лос-Анджелестегі ауруханаға жүрегіндегі қан жолы тетігін ауыстыруға келген. Ота кезінде күтпеген жерден оның жағдайы нашарлап, дәрігерлер барын салып оның өмірін аман алып қалған.

Айта кетейік, осыған дейін актер 1997 жылы да пышақтың астына түскен болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel