RU
Қызылордалық ата-аналар желіде тараған жасөспірімдер видеосы бойынша жиын өткізді
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордалық ата-аналар желіде тараған жасөспірімдер видеосы бойынша жиын өткізді

Рассказать Вконтакте

Жақында әлеуметтік желіде тарап, бүкіл елді дүрліктірген видеода мектеп жасындағы екі қыздың бейәдеп қылығы ата-аналарды алаңдатып отыр. Осыған орай, Қызылорда қаласындағы білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен ата-аналары бір ортаға жиналып, балалар тәрбиесін қолға алу бойынша жиын өткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жиынға келген түрлі мектептің ата-аналар комитетінің төрайымдары соңғы уақытта ел тұрғындарының тәрбиесіз қылық көрсетуі жиілеп кеткеніне алаңдайды. Олар аталмыш оқиғада кінәліні іздегенше, баланы дұрыс жолда жетілдіру үшін әрмен қарай қалай әрекет ету керектігін ақылдасайық деп шешкен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Баласының болашағына алаңдаған ата-аналар бар халыққа ұрпақ тәрбиесінде қолға алу керек жайттарды атап берді.

"Ұрпағымыз саналы, қызымыз ұятты, ұлымыз ұлықты болуы үшін олардың бойына ұлттық құндылықты сіңіруіміз керек. Салт-сананы біліп, қазақы тәрбие көріп өскен бала теріс қылыққа бармайды. Екіншіден, балаларымызды жан-жақты дамытып, бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал етуіміз керек. Ол үшін түрлі спорт, өнер және басқа да үйірмелерге қатыстырып, кіммен араласатынын бақылайық.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Үшіншіден, қазіргі техника қарыштап дамып, ақпараты молайған заманда баламыздың не көріп, қандай іспен шұғылданатынына жауапкершілікпен қарайық", - дейді олар.

Сондай-ақ, ата-аналар бала тәрбиесінде кінәрат кетпес үшін, оған барынша көп көңіл бөлу керектігін айтады. Себебі, оның бойындағы азаматтық қасиетін, өмірлік ұстанымдары мен көзқарасын дамыту - ата-ананың басты міндеті деп санайды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айта кету керек, қоғамға ой саларлық пікірлер Қызылорда қаласындағы ата-аналардың бастамасымен өткен жасөспірімдердің тәрбиесі бойынша жиында айтылды. Оған 100-ден астам ата-ана мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
2
1
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel