RU
Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақстандық әйел балаларын қайтара алмай жүр
Жаңалықтар Әлемде

Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақстандық әйел балаларын қайтара алмай жүр

Рассказать Вконтакте

Қазақстан азаматшасы Альфия Фатихова Кипр тұрғынымен отау құрып, бір қыз бен бір ұл баланы дүниеге әкелген. Алайда әйел жарымен айырылысқан соң, азамат оған балаларын бермей қойыпты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Альфияның айтуынша, Никоспен шаңырақ көтерген соң, ол адам танымастай өзгеріп кеткен: ішімдікке құмарланып, қол көтере бастаған.

Альфия балаларын алып кетпек болғанда, күйеуінің зорлық көрсеткенін айтады. Қазір ол үшінші баласына жүкітіліктің алтыншы айында екен. Әйел полицияға шағымданғанымен, олар ешқандай шара қолданбапты.

30 наурыз күні сот шешімімен балалар әкесінің қолында қалған.

Қазақстан Республикасы СІМ баспасөз бөлімінің басшысы Әнуар Жайнақовтың айтуынша, Альфияның балалары Кипр азаматтары болғандықтан, барлығы жергілікті соттың шешімімен болуы керек.

Енді әйелдің бір ғана амалы бар: шағымын кері қайтарып, балалары үшін қатыгез күйеуіне қайта оралу.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
3
3
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір