RU
Еліміздегі ең сұлу ару атанған 16 жастағы бойжеткеннің жеңісі қызу талқыға түсті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздегі ең сұлу ару атанған 16 жастағы бойжеткеннің жеңісі қызу талқыға түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

"Қазақстан аруы-2018" титулын жеңіп алған 16 жастағы атыраулық Альфия Ерсайынның жеңісі ел арасында талқыға түсті. Көптеген желі қолданушылары оның тым жас екенін алға тартып, наразылық білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Еліміздегі ең сұлу ару атанған 16 жастағы бойжеткеннің жеңісі қызу талқыға түсті (фото)

Еліміздегі ең сұлу ару атанған 16 жастағы бойжеткеннің жеңісі қызу талқыға түсті (фото)

"Әлі де ойланар едім. 16 жастағы кіп-кішкентай қызға мұндай үлкен атақ берудің қажеті қанша? Мен бұл байқауға қатысуға 18 жастан бастап қана рұқсат етер едім. Бұған дейін ол сабағын оқуға ұмтылуы керек. Бетіне бес батпан бояу жағылған модель болғаннан сол жақсырақ", - жеп жазған Ақан Искаков есімді желі қолданушысы.

Сонымен бірге: "16 жастағы кішкентай қызды таңдағаны несі? Тағы да Әлем аруына жібермейді", - деп жазған кей қолданушылары. Бұған себеп, "Әлем аруы" байқауы қатысу үшін бойжеткендердің жасы 17-ге толуы тиіс.

«Оның 16 жаста екені рас па?! Мен 22-де болсам да, жас көрінемін", - деп жазған Nelly есімді бойжеткен.

«Оны байқау үшін бояп қойған ғой. Сондықтан да ол үлкен көрінеді", - дейді желі қолданушылары.

Алайда атыраулықтар жеңіске жеткен жерлесі үшін дән риза. Олар бойжеткенге сәттілік тілеп, қуанышын жасыр алмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
19
4
4
2
3
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel