RU
Қазақ боксшысы мексикалық қарсыласын 35 секунд ішінде нокаутқа түсірді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ боксшысы мексикалық қарсыласын 35 секунд ішінде нокаутқа түсірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық қарсыласы Ноэ Нуньесті нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақ боксшысы мексикалық қарсыласын 35 секунд ішінде нокаутқа түсірді (фото)

Қазақ боксшысы мексикалық қарсыласын 35 секунд ішінде нокаутқа түсірді (фото)
Source: UGC

Жекпе-жек Канаданың Монреаль қаласында өтті. Сегіз раундқа жоспарланған кездесу алғашқы секундтарда аяқталды. Жүкембаевқа нокаутпен жеңіске жету үшін небәрі 35 секунд қажет болды.

Ол қарсыласын нокдаунға түсірген еді, Нуньес орнынан тұруға тырысып бақты. Осыдан кейін қазақстандық бастаған ісін соңына дейін жеткізіп, қарсыласын канвасқа түсірді.

Жекпе-жектің ресми нәтижесі – Жүкембаев техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 26 жастағы қазақстандық боксшы осымен 12 рет жеңіске жетіп отыр.

Оның 10-ын нокаутпен аяқтаған еді. Ал қарсыласы 30 жастағы Нуньес карьерасында алтыншы рет жеңіліп отыр. Осы күнге дейін 18 рет жеңіске жетіп, бір жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен еді.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
2
1
22
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel