RU
Қайрат Нұртастың Ыстамбұлдағы концерті қалай өтті?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың Ыстамбұлдағы концерті қалай өтті?

Рассказать Вконтакте

Бүгінде 10 жыл жасырған отбасын елге көрсетіп, елде балаларының қатысуымен дүркіретіп концерт өткізген әнші бүгінде Түркияның Ыстамбұл қаласында жүр. Түрік елінде әндерін шырқап, елге әсем көңіл-күй сыйлаған әншінің ән кеші қалай өтті?

Қайраттың анасының айтуынша, отандық әншіні түрік елінде де сүйіп тыңдайды екен. Әншінің анасын да, Қайратты да онда жақсы қарсы алып, құрмет көрсеткен.

Әншінің тыңдармандары оның айтқан әніне билеп, зор ілтипатпен тыңдады. Қайрат Нұртас та беріле ән айтып, оларға барынша өнерімен құрмет көрсетуге тырысқан.

Әнші де, әншінің анасы да Instagram желісіндегі парақшасына Ыстамбұлдан видео жолдады.

Әншінің тілеуін тілеп, әр қадамын аңдып отыратын елдегі жанкүйерлері оған ақ жол тілеп, елге аман-есен оралуына тілектестік білдірді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
21
2
3
3
5
36
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір