RU
Жуырда бәрі өзгереді: Үлкен даудан соң еңсесін тіктеген Илья Ильин мәлімдеме жасады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Жуырда бәрі өзгереді: Үлкен даудан соң еңсесін тіктеген Илья Ильин мәлімдеме жасады (фото)

Рассказать Вконтакте

Бірнеше мәрте Олимпиада чемпионы атанып, елдің сүйікті спортшысына айналған Илья Ильиннің өмірі бір сәтте күрт өзгеріп, басы үлкен дауға қалған еді. Алайда өзінің кінәсіз екенін және еш допинг қолданбағанын дәлелдеп шыққан спортшы бүгінде еңсесін тіктеп, Токио Олимпиадасына әзірленіп жатыр. Осы тұста ол өзінің жанкүйерлеріне әлемдік деңгейде қайта чемпион атануға уәде берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал спортшы өзінің Instagram парақшасына сурет жүктеп, жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Өз жазбасында ол әлемдік деңгейде жеңіске жету үшін бар күшін салатынын жеткізді.

"Әзірге осылай ғана суретке түсе аламын. Бірақ жуырда бәрі өзгереді. Мен әлемдегі ең керемет жұмысым - Әлем чемпионының қызметін атқаруға қайта кірісетін боламын. Ал бұл үшін, әлбетте, қолымнан келгеннің және келмегеннің барлығын жасап, әлемдік деңгейде жеңіске жететін боламын", - деп жазды ол.

Оның мұндай көңіл-күйі оқырмандары мен жанкүйерлеріне әсер етпей қоймады. Олар спортшыға сәттілік тілеп, өміріндегі барлық жақсылықтарға ортақтасуға уәде берді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
1
1
28
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel