Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ бокшысы аралас жекпе-жек турнирінде америкалықты жеңіп кетті (фото)

Опубликовано:

Алматыдағы "Алматы Арена" кешенінде өткен жекпе-жекте қазақ боксшысы Жалғас Жұмағұлов америкалық Тайсон Нэмге қарсы шығып, жеңіске жетті. Олар Fight Nights Global 86 аралас жекпе-жек турнирінің басты айқасында сайысқа түскен деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жумагулов
Жумагулов: UGC

56,7 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан боксшылардың жекпе-жегі аса тартысты өтті.

Бірінші раундта Тайсон Нэм Жалғасты аяғына жуытпай тіке тұрып шабуыл жасауға мәжбүрлесе, Жұмағұлов қарсыласының осы әрекетіне көніп, жұдырық алмасты.

Нэм джеб және бүйірден соққыны көбірек жұмсаса, Жалғас апперкот жасап, бэкфистпен айналып соққан.

Бес раундқа созылған айқас екі спортшыға да оңай соқпады. Тайсон үйреншікті нокаутқа түсіретін соққысын жасауға қанша оңтайланғанымен Жалғас қарсыласынан оңай сытылып кетіп, оған мүмкіндік бермеді.

Жекпе-жек соңғы раундтың аяқталғанын білдірген дабыл соғылғанша жалғасты. Жекпе-жектің жеңімпазы Жалғас Жұмағұлов деп танылды.

Қазақ боксшысы осымен 11-ші мәрте жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1724304-kazak-boksysy-aralas-zekpe-zek-turnirinde-amerikalykty-zeip-ketti-foto/

pixel