Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда асылып тұрған ер адамды 16 жасар жасөспірім екі мәрте құтқарып қалды (фото)

Опубликовано:

Ақтауда 16 жастағы жасөспірім өзіне қол салмақ болған кісіні екі рет құтқарып қалған деп хабарлайды "Лада" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Суицид
Суицид: UGC

Бұл оқиға 31 наурыз күні кешқұрым болған. Жас жігіт үйіне қайтып келе жатып, жертөледен біртүрлі дыбыстар естіген.

Жертөлеге түскен жігіт асылып тұрған ер адамды көрген. Пышақ алып келіп, жіпті кесіп жіберген ол полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Жасөспірімнің айтуынша, ер адам осыдан кейін автокөлік астына түсіп өлмек болған.

"Мен оны ұстап қалдым. Оның жанында отырып, жедел жәрдем мен полицияны күттім", - дейді құтқарушы.

Ауруханада өзін өзі өлтіру дерегін растаған. Дәрігерлердің айтуынша, 37 жастағы ер адам мас болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1724308-aktauda-asylyp-trgan-er-adamdy-16-zasar-zasspirim-eki-mrte-ktkaryp-kaldy-foto/

pixel