RU
Алматыда апатқа ұшыраған Porsche жүргізушісі қашып кетті (фото)
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Алматыда апатқа ұшыраған Porsche жүргізушісі қашып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Бекмаханов көшесінде жол апатына ұшыраған жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда жол апатын кінәлі Porsche көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті (фото)

Алматыда жол апатын кінәлі Porsche көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті (фото)

Оқиға куәгерлері хабарлағандай, Toyota Avensis пен Porsche Cayenne Бекмаханов көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Бұрылыста Porsche Cayenne жүргізушісі неге екені белгісіз рөлге ие бола алмай қалып, бар жылдамдықпен Toyota Avensis көлігінің артына соғылды.

Қатты соққыдан Toyota Avensis бордюрден асып, дуалға бір-ақ соғылған, ал Porsche Cayenne қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып кетіпті.

Жол апатынан Toyota Avensis көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен. Олар әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Ал Porsche Cayenne жүргізушісі жол апаты болған жерден қашып кетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel