RU
Зыряндағы топан су: Биіктігі үйдей су тұрғындардың зәресін ұшырды (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Зыряндағы топан су: Биіктігі үйдей су тұрғындардың зәресін ұшырды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Жауған нөсер мен қардың еруі салдарынан ШҚО Зырян ауданындағы өзендердің барлығы арнасынан шығып кеткен. Бірнеше үй мен аудан орталығын су басып қалған. Салдарынан 31 наурыз күні Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов аймақта апаттық сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялады деп хабарлайды YK-news.kz басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зырян ауданындағы топан су: Биіктігі үйдей су тұрғындардың зәресін ұшырды (фото, видео)

Зырян ауданындағы топан су: Биіктігі үйдей су тұрғындардың зәресін ұшырды (фото, видео)

31 наурызда Зырян ауданын су баса бастаған. Вторушка деп аталатын өзен арнасынан шығып, үйлерді басып, жолды шайып кеткен. Тұтас бір шағынаудан судың астында қалған.

Тұрғындардың айтуынша, бірнеше минуттың ішінде үйлерін су басып қалған олар абдырап қалды.

Зырян ауданындағы топан су: Биіктігі үйдей су тұрғындардың зәресін ұшырды (фото, видео)

Зырян ауданындағы топан су: Биіктігі үйдей су тұрғындардың зәресін ұшырды (фото, видео)

"Біз қаштық. Қашқаннан басқа амалымыз қалмады. Ақшамыз бен құжаттарды алып үлгердік, болды! Су өте тез көтеріле бастады. Есімізді жия алмады", - дейді Галина.

Тұрғындар өз үйлеріне жете алмай дал болған. Тіпті көшелерде қайықтың көмегімен қозғалған.

Аудан әкімі Нуржан Тілеужанұлы апаттық сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялайтынын мәлімдеді.

"Қазіргі таңда көптеген мәселелерді тез арада шпешуге тура келеді. Адамдар зардап шекпес үшін бар күшімізді саламыз. Қазіргі таңда су басы аймағында 167 үй қалды. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген", - деді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
6
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel