RU
Бішкекте тойға келген елуден аса қонақ тамақтан уланып қалды
Жаңалықтар Әлемде

Бішкекте тойға келген елуден аса қонақ тамақтан уланып қалды

Рассказать Вконтакте

Бішкектегі "Ала-Тоо" мейрамханасында ас ішкен адамдар жаппай уланып қалған деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Бішкекте тойда болған елуден аса адам астан уланып қалды

Бішкекте тойда болған елуден аса адам астан уланып қалды
Source: UGC

Республикалық жұқпалы аурулар клиникалық емханасының бас дәрігері Гүлжігіт Әлиевтің айтуынша, қазіргі кезде астан уланғандар саны 52 адамға жеткен.

"Арасында жеті бала бар, ең кішісінің жасы екіде. Зардап шеккендер қатары әлі де көбеюі мүмкін", - деген Әлиев жексенбі күні.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, наурыздың 31-і күні Бішкектегі ауруханаларға астан улану белгісімен адамдар түсе бастаған.

"Қазіргі таңда зардап шеккендерге орташа дәрежедегі улану диагнозы қойылған", - деп хабарлаған министрлік.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орталық астан улану оқиғасына байланысты тексеру жүргізіп жатқаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікке ілінген мейрамханадан елдің әр түкпірінен келген 190-ға жуық адам ас ішкен.

Зардап шеккендерден алынған сынама қорытындысы үш тәуліктің ішінде белгілі болмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel