RU
Ақтаулық жеткіншек өзін өлтірмек болған адамды екі рет ажалдан арашалаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтаулық жеткіншек өзін өлтірмек болған адамды екі рет ажалдан арашалаған

Рассказать Вконтакте

Ақтауда жеткіншек бала суицид жасамақ болған ер азаматты өлімнен құтқарып қалды. Оқиға 31 наурыз күні кешке болған деп жазады Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтаулық жеткіншек өзін екі рет өлтірмек болған адамды ажалдан арашалаған

Ақтаулық жеткіншек өзін екі рет өлтірмек болған адамды ажалдан арашалаған

Көпқабатты үйдің подъезіне кірген Аслан жертөледен адамның қиналып жатқан дыбысын естіген. Төмен түскен кезде ол асылып қалған ер азаматты көріпті. Жеткіншек дереу үйіне жүгіріп, пышақ алып келеді де, арқанды кесіп жібереді.

Артынша есінен танған адамды сүйреп, далаға алып шығып, полиция мен жедел жәрдем шақырған. Алайда, өзіне қол жұмсаған адам көмек келгенше есін жиып алып, екінші рет суицид жасамақ болыпты.

"Ол өзіне келгеннен кейін жолда кетіп бара жатқан көліктің астына секірді. Мен оны ұстап үлгердім. Жедел жәрдем мен полиция келгенше оны ешқайда жібермей ұстап отырдым", - дейді Аслан.

Кейін ол ер азаматты полицияға тапсырып, өзі тәртіп сақшыларына түсініктеме жазып беріпті.

Дәрігерлер суицид болғанын растап отыр. 1981 жылғы жергілікті тұрғын араққа тойып алып, өмірімен қош айтыспақ болған екен. Алайда, бұл қадамға ол не үшін барғаны әлі белгісіз

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
5
1
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір