RU
Атырауда Toyota Land Cruiser көлігі Жайық өзеніне батып кеткен
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Атырауда Toyota Land Cruiser көлігі Жайық өзеніне батып кеткен

Рассказать Вконтакте

Атырауда жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser 100» автокөлігін құтқарушылар Жайық өзенінен шығарып алды. Аталмыш видео әлеуметтік желіде тарап, оны облыстық ТЖД растады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырауда джип
«Оқыс оқиға облыс орталығында Жайық өзенінде болды. Жағалауға келген «Toyota Land Cruiser 100» жүргізушісі көлігінің тежегішін қосып қоюды ұмытып кеткен. Көлік биіктеу тұстан орнынан қозғалып, жылжып барып Жайыққа түсіп кеткен.
Өзенге 15 метр жерге шейін кіріп кеткен жол талғамайтын көлікті Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағалауға сүйреп шығарды. Құтқарушыларды көлік иесі өзі шақырған», - деп хабарлайды Атырау облыстық ТЖД.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір