RU
Айдос Сарым ескерткіш маңында билеген қыздарды жазалауға қарсы шықты
Жаңалықтар Қоғам

Айдос Сарым ескерткіш маңында билеген қыздарды жазалауға қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

Саясаттанушы Айдос Сарым Талдықорғандағы ескерткіш маңында би билеп, көңіл көтерген бойжеткендерді қолдап шықты. Айтуынша, тәртіп сақшыларының қыздарды әкімшілік жауапкершілікке тартуы дұрыс емес, себебі олар еш оғаш қылық көрсеткен жоқ. Бұл туралы ол NewTimes.kz басылымына берген сұқбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

талдыу
"Талдықорғандағы ескерткіш жанында билеген қыздар туралы айтсам. Арнайы бұл видеоны қарап шықтым. Жастық шақтың аты жастық шақ. Қыздар ол жерде жыныстық қатынасқа түсіп жатқан жоқ қой, мәңгілік алауға ет қақтап жеген жоқ, арақ ішкен жоқ (Ресейде мұндай кейстер толып жатыр).
Кішкене көңіл көтерді де, ойнап-күліп, қайтты. Ештеңені бүлдіріп, сындырған жоқ. Ол қоғамдық орын, парк. Жастардың көңіл көтеріп, қыдыруына арнап салынған орын. Шыны керек, әкімдіктің өзі сол жерде концертті көбірек өткізеді. Білуімше, би билейтін жерді регламенттейтін ешқандай заң немесе құжат жоқ. Бұл зират емес, мешіт емес, шіркеу емес.
Қандай жағдай болмасын, жай ғана түсіндіру жұмыстарын жүргізуге болар еді. Бірақ әкімшілік жаза қолданған дұрыс емес", - дейді Айдос Сарым.

Еске салсақ, бұған дейін Instagram желісінде Талдықорғандағы ескерткіш маңында би билеп, көңіл көтерген бойжеткендердің видеосы тараған еді.

Ал Талдықорғанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 30 наурызда қыздардың бірін екі тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір