RU
Колледж студенттері президент алдында "жұмысшылар" рөлін ойнаған
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Колледж студенттері президент алдында "жұмысшылар" рөлін ойнаған

Рассказать Вконтакте

30 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Жизақ облысына сапармен барды. Онда ол «Зарбдар тоқымасы» кәсіпорнының жұмысымен танысқан. Алайда, Зарбдар ауданы тұрғындарының айтуынша, жергілікті билік президент алдында "шоу көрсеткен".

Колледж студенттері президент алдында "жұмысшылар" рөлін ойнаған

Колледж студенттері президент алдында "жұмысшылар" рөлін ойнаған

"Президент Зарбдар ауданына келді. Бірақ жергілікті билік президентті тағы алдады. Оның мұнда көргенінің бәрі көзбояушылық болды. Өйткені, сол күні тоқыма кәсіпорнында болған қыздар шын мәнінде ол жерде жұмыс істемейді. Олардың бәрі – жергілікті колледж студенттері. Президент болса, жастарды жұмыспен қамтамасыз етті деп мәз болып кетті", - дейді жергілікті тұрғынның бірі.

​Оның сөзінше, 30 наурызда өзі аталған көзбояушылықты тамашалаған.

"Президент келер алдында ауыл шаруашылығы және экономика колледжінің студенттерін дайындады. Оларды президентке айтатын сөздерді жаттатты. Студенттер сонда жұмыс істейтін секілді көрінді", - дейді сұхбат беруші.

Жизақ облысы әкімшілігінің шенеунігі «Зарбдар тоқымасы» кәсіпорны жұмыс істеуге берілгенін, жыл соңына дейін 1060 адамды жұмыспен қамтамасыз ететінін айтады.

"30 наурызда бірінші желі іске қосылады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Сәуір айының соңына дейін 864 адамды жұмысқа алынады. Жыл соңына дейін тағы 196 жұмыс орны ашылады. Жалпы алғанда 1060 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі. Президент кәсіпорынды көріп, қатты қуанды",- деді шенеунік.
Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
16
1
3
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір