RU
"Бұл - бізге ортақ қайғы": Шымкенттік таксистер Кемеревоға қолдау көрсетті
Жаңалықтар Қоғам

"Бұл - бізге ортақ қайғы": Шымкенттік таксистер Кемеревоға қолдау көрсетті

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік такси қызметінің шопырлары Кемероводағы өрттен қаза тапқандардың рухына бағыштап 64 ағаш отырғызды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Бұл - бізге ортақ қайғы": Шымкенттік таксистер Кемерово жұртына қолдау көрсетті

"Бұл - бізге ортақ қайғы": Шымкенттік таксистер Кемерово жұртына қолдау көрсетті

Такси жүргізушілері еске алу шарасын қала мектептерінің бірінде өткізген. Ер-азаматтар оқушылар ағаштарды күтіп-баптап, еске алу бағына айналдырады деп сенеді.

"Бұл біздің ортақ қайғымыз, мәңгі жадымызда сақтап, өміріміздің әр сәтін бағалауымыз керек. Кемероводағы балар мен ересектер бейбіт заманда ажал құшты. Ешкімді кінәлағымыз келмейді, оны біз шешпейміз.

Тек барлық баланы еске алғымыз келеді, бұл біздің ортақ балаларымыз. Ал мына ағаштар өмірдің әрі қарай жалғасатынын білдіреді. Осы ағаштар өсіп-өніп, жантүршігерлік оқиғаның құрбандарына арналған ескерткіш болсын", — дейді қызметкерлер "Отырар" басылымына берген сұхбатында.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel