RU
Белгілі кәсіпкер "Аналар үйін" тексермек болған шенділерді сынап тастады
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі кәсіпкер "Аналар үйін" тексермек болған шенділерді сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал құрылыс компаниясының басшысы, кәсіпкер Айдын Рахымбаев «Аналар үйін» тексермек болған халық қалаулыларын сынап тастады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Белгілі кәсіпкер өзінің жекеменшік қорын тексермек болған шенділерді сынап тастады

Белгілі кәсіпкер өзінің жекеменшік қорын тексермек болған шенділерді сынап тастады
Source: UGC

Кәсіпкер өзі демеушілік көрсетіп, жетекшілік етіп жүрген еліміздегі «Аналар үйі» жұмысын тексермек болған халық қалаулыларына шүйліккен. Айтуынша, біреудің жекеменшік қайырымдылық қорының жұмысына ешкім қол сұқпауы тиіс екен.

«Депутат мырзалар өзім қаржыландыратын Өскемен қаласындағы «Аналар үйін» не үшін тексермек? Әлде олар сол жақта өздерін сайлайтын жандарды іздеп жүр ме? Мүмкін Балиева ханым айтқандай, «Аналар үйінің» жұмысын тексеру жұмысын қолға алмақ па? Алғашында олардың келу себептерін түсіндірулерін сұраған едік, алайда ол өтінішімізге бір хат жолдап, құтылыпты.

Ондағы қос шенді де соңғы 4 жылда біздің қорға бас ауғалап келген аналар мен сәбилерге тым құрыса 100 мың теңгені өз қалталарынан бөліп көрді ме? Немесе біздің қыздарымыздың тағдырына бей-жай қарамай, оларға аз да болса көмек көрсетіп көрді ме?

Біреудің меншігіндегі қайырымдылық қорына келіп тексеруге қымсынбайтын көрінетін өздері. Шынтуайтына келгенде, олардың барлығы дерлік сіз бен біздің жалақымызға өмір сүріп жатыр. Осыдан екі жыл бұрын прокуратура қызметкерлерімен бірге Балиева ханымның өзі де тексеріп кетген еді.
Сол жолы олар ештеңе таппаған болатын. Бірақ, бізге жолдаған хаттарына қарағанда, олар осы ойларынан әлі де арылатын емес»,-деп Instagram парақшасында жазба қалдырған белгілі кәсіпкер.

Сөз соңында ол соңғы екі күннің ішінде «Аналар үйін» тексеруіміз керек» деген көптеген қоңыраулар келіп түсіп жатқанын алға тартқан.

«Өкініштісі, мен мұны кеш түсініп отырмын. Енді білетін боламыз, олардың біздің қорымызға келуіне жол бермейміз»,- деп сөзін аяқтаған кәсіпкер.

Сіздің реакцияңыз
9
0
0
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel