RU
Мөлдір Әуелбекова өз әнінің көшірме екенін білмеген болып шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мөлдір Әуелбекова өз әнінің көшірме екенін білмеген болып шықты

Рассказать Вконтакте

Мөлдір Әуелбекованың жақында ғана көпшілікке ұсынған әні көшірме екені жайлы айтылған болатын. Алайда әнші бұл ақпараттан бейхабар болып шықты деп хабарлайды «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова өзінің әнінің көшірме екенін білмегенін айтты. Фото: NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова өзінің әнінің көшірме екенін білмегенін айтты. Фото: NUR.KZ.

Әншінің су жаңа әнін көпшілік орыстың танымал композиторы Александр Серовтың «А может ночь не торопить» әніне ұқсатқан.

«Ізбасар Кеңесовтің әні болатын бұл. Туындыны маған бір жарым жыл бұрын ұсынған. Алайда мен ойланып жүрдім. Әлемде жеті нота болады. Сондықтан ұқсастық болады ғой енді. Заң бойынша қанша нотаға дейін рұқсат бер екенін білмеймін. Жаңағы қайырманың басы ұқсап тұр. Бірақ әнді түгелдей көшірме демей-ақ қояйық енді», - деді әнші.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын NUR.KZ порталының тілшісі Әуелбекованың жаңа әнін жазған композитор Ізбасар Кеңесовке хабарласқан болатын. Алайда ол көпшіліктің пікірімен келіспейтінін айтқан еді.

«Мен әнді арнайы тыңдадым. Меніңше, екі ән бір-біріне сәйкес келмейді. «Көшірме» деп жатыр ғой. Бірақ мен бұл пікірмен мүлде келіспеймін», - деді Кеңесов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel