RU
Семіздігін сынағандарға жауап қайтарған әйел жұртты тәнті етті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Семіздігін сынағандарға жауап қайтарған әйел жұртты тәнті етті

Рассказать Вконтакте

29 жастағы Дженна Катчер әлеуметтік желіге күйеуімен түскен суреттерді жүктеген соң, халық тарапынан үлкен сынға қалды. Олар 29 жастағы семіз әйелді дене бітімінде бір мін жоқ күйеуіне лайықсыз деп ойлайды. Бұл туралы ofigenno.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Әрбір толық әйел өзінің салмағы жайлы сыни пікірлерге ұшырайтыны сөзсіз. Мұндай құбылыстар әсіресе, интернет желісінде кең қанат жайған.

29 жастағы фотограф Джена Катчер да салмағына қатысты әрдайым негативті пікірлерге ие болуда. Ол өзінің сүйіктісімен түскен суреттерді жүктегеннен кейін, оған толассыз хаттар келіп түскен. Олардың көбісінде, Дженнаның семіздігі мен күйеуіне мүлдем үйлеспейтіні жайлы сөз қозғалды.

Толықтығына қарамастан, Дженна өзінің денесін аса сымбатты санайтын көрінеді.

Оның өмірлік серігі – Дрю. Ол танымал фитнес - жаттықтырушы. Екеуінің отасқандарына 11 жыл болған.

Дженна мен Дрю әрдайым бірге спортпен шұғылданады. Алайда, 29 жастағы әйел тамаққа келгенде өзіне мүлдем шектеу қоймайтынын айтты.

«Бір күні біреу маған күйеуіңе жаным ашиды, сен сондай ұсқынсыз семізсің деп жазды», - деп сырымен бөлісті ол. Бұл сөздер маған қатты батып, сенімсіздікке бой алдырдым.

Алайда, Дрю әйелінің денесін осы қалпында жақсы көретінін айтты. Оның айтуынша, Дженнаның сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниесі бірдей мінсіз сұлу.

Дженна тек қана күйеуінің арқасында ғана өзінің денесін ерекше жақсы көре бастаған.

«Дрю он жыл бойына семіздік кесірінен туындаған сенімсіздікті жеңе білу жолында үлкен қолдау көрсетті. Ол маған өз денемді осы қалпында қабылдап, жақсы көруді үйретті», - деп ағынан жарылды Дженна.

Ол өзінің хейтерлеріне салмақ өлшемінің маңызды емес екендігін айтып, бастысы сізді шынайы қалыпта қабылдай алған жанды кезіктіру -нағыз бақыт деп жеткізген.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір