RU
Мемлекеттік қызметтен шаршаған оралдық келіншек кондуктор болып жұмыс істеуде
Жаңалықтар Қоғам

Мемлекеттік қызметтен шаршаған оралдық келіншек кондуктор болып жұмыс істеуде

Рассказать Вконтакте

30 жастағы Алмагүл төрт жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған. Орташа жалақыдан қажыған ол мемлекеттік қызметпен не себепті "қош айтысқанын" баяндап берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Оралдық келіншек не үшін мемлекеттік қызметтен кетіп, кондуктор болғанын айтты

Оралдық келіншек не үшін мемлекеттік қызметтен кетіп, кондуктор болғанын айтты

Оралдық келіншектің сөзіне сенсек, мемлекеттік қызметке тұру үшін «аға-көкелердің» қажеті жоқ екен. Айтуынша, білікті әрі білімді жастарды жергілікті мемлекеттік органдар өздері-ақ жұмысқа қабылдайтын көрінеді.

«Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу – оңай емес, ол адамнан табандылық пен төзімділікті қажет етеді. Ал осы қажырлы еңбегің үшін, аталған қызметте алатын еңбекақың да мардымды болмайды. Мәселен, жұмыстан кешігіп қалғаныңыз үшін, ешкім сізді басыңыздан сипап, оған көз жұма қарамайды. Тіпті, төменде отырған күзетшінің өзі сіздің кешіккеніңізді журналына тіркеп қояды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметте күйзеліске немесе басқа да қиын жағдайларға барынша төзімді болу керек. Мен бас маман қызметінде болдым, бірақ бүкіл басқарманың жұмысын мен және менің әріптестерім атқарды деп толық сеніммен айта аламын»,-деп әңгімесін бастады ару.

Айтуынша, мемлекеттік қызметте қазіргі таңда мамандар тапшылығы сынды түйткілді мәселе бар екен.

«Былай қарасаңыз, мемлекеттік қызмет дегенді көбі үстелде отырып, қағазға ие болып, тұрақты жалақы алу деп түсінеді. Бізге 5 жылдай жұмыс істеп, әкімнің орнында отырамын деген жас жігіттер көптеп келеді. Бірақ жарты жыл өтпей жатып-ақ, жұмыстан кетіп тынады»,-дейді келіншек.

Сонымен бірге, Алмагүл аталған қызметтегі жандардың жалақысы да аз болатынын алға тартты.

«Жұмысқа шыққанымыз не керек, бар ақшамызды бала күтушісіне береміз. Сосын киімге қырауар ақша кетеді. Себебі, мемлекеттік органда жұмыс істейтін адам үнемі тиянақты, ұқыпты көрінуі керек. Ал әйел адамдарға тіптен қиын. Тек гель лакпен бояудың өзіне 6 мың теңге кетеді, оны 2 аптада бір жасап тұруға тура келеді. Себебі, үйде тырнақ бояйтын да уақыт жоқ. Ал, шашты қию мен бояуға айына 7 мың теңге кетеді. Арасында татуаж бен кірпік жабыстыратының тағы бар. Әйтпегенде, кейде таңертең боянуға да уақыт болмайды. Сыртқы костюміңіз тіптен бөлек әңгіме. Жақсы, сапалы костюм – 30 мың теңге тұрады, бұған бағасы 7 мың теңгеден кем түспейтін ақ жейдені қосыңыз. Аяқ киімге де шамамен 40 мың теңге жұмсайсыз. Қазір сапалы киім арзан тұрмайды, бәрі қымбат»,-деп ағынан жарылды келіншек.

Бұрынғы шенеуніктің пікіріншне, келіншекке ең ауыр тигені – ұкіметтің мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орнында смартфондарды пайдалануға рұқсат бермеуі сияқты шешімі болыпты.

«Мұндай шешімнен кейін, тіпті үйімдегілер үшін қорқа бастадым. Әрине жұмыста телефон ұстауға болады, бірақ, камера, интернетсіз. Егер үйде бір жағдай болып қалса, олар маған қоңырау шала алмай жатса, сұмдық қой? Ал кеңседегі компьютерлер мен принтерлердің жыры бөлек. Олар жиі істен шығып қалады, оны жөндету үшін арнайы маманды шақыртамыз. Ол үшін бастықтың қолы керек. Оның қолынсыз, ешқандай мәселе шешілмейді. Егер өз бетіңше шешім қабылдап, ақшаны жұмсасаң, бюджет қаражатын жұмсады деп айыпталасың. Жалпы, бұл қызметте бәрін бастық шешеді, оның келісімінсіз түк жасай алмаймыз»,-деді оралдық келіншек.

4 жыл қатарынан мемлекеттік қызметте болған ол, осы уақыт аралығында қызметте де айтарлықтай жетістікке қол жеткізбеген. Сол себепті, келіншек аталған жұмыстан кетуді ұйғарыпты.

«Бұл қызметте көбінесе ер адамдар мансапта зор жетістіктірге жетіп жатады, ал әйелдерге ол үшін ер мінезді болу керек және өз ісін шын сүюі тиіс. Енді бұл жұмысқа қайтып келмеймін. Бұл жұмыстан кеткен кеткеннен кейін өзімді қарапайым әйел сезіне бастадым. Балаларыма қарап, бос уақытымда тігін тігіп, демаламын. Енді жолдасыммен бірге тойға барып, армансыз суретке де түсе аламын. Яғни, нені қалаймын, соны істеймін. Болашақта өз бизнесімді ашып, өзіме-өзім жұмыс жасағым келеді»,-деп әңгімесін аяқтады келіншек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel