RU
"Үйде ешкім болмады": Өз анасын өлтірген баланың жауабы жаға ұстатты
Жаңалықтар Қоғам

"Үйде ешкім болмады": Өз анасын өлтірген баланың жауабы жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында өз ұлының қолынан қаза тапқан 43 жастағы әйел өліміне қатысты жаңа мәліметтер анықталды. Күдікті болып отырған бала мұндай қадамға өзін қылмыскер кейпінде сезініп көргісі келгендіктен барғанын айтты деп хабарлайды «Время» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Талдықорғанда 25 наурыз күні орын алған қайғылы жағдай бүкіл Қазақстан халқын дүр сілкіндірді. 23 жыл бойына дәрігерлік қызметте болған әйел өз ұлының қолынан қаза тапты.

Әріптестерінің айтуынша, көпшілікке тек жақсы жақтарымен таныла білген әйел жұмысына асқан жауапкершілікпен қараған.

Екі бала тәрбиелеп келген білікті дәрігердің қызы Алматыдағы жоғарғы оқу орнының студенті болса, 16 жастағы ұлы - 11-ші сынып оқушысы.

Бұған дейін жаман қылық танытпаған ұл бала анасының ұйықтағанын күтіп, қылмысын алдын ала жоспарлап жасағаны белгілі болды.

Тергеу барысында анықталғандай, ол алдымен әйелді тұншықтырып, артынан бірнеше пышақ жарақатын келтірген. Қылмысынан кейін бала түк болмағандай компьютерлік клубқа барып, ертесіне түсініксіз себептерге байланысты анасын шешіндіріп, оның денесіне ас содасын шашып тастапты.

Кешке қарай полиция бөліміне өзі жүгінген ұлдың желіде адам өлтіру туралы бейнежазбаларды көріп, қылмысты қалайша іске асыруға болатыны жайлы ақпарат іздегені анықталды.

Ұл баланың анасын не себепті өлтіргенін сұрағанда қайтарған жауабы тіпті кәсіби тергеушілердің өзін таңғалдырған.

"Үйде мамадан басқа ешкім болмады. Ал мен адам өлтіргенде қандай сезімде болатынымды білгім келді", - деп мәлімдеді күдікті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
19
29
6
2
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel