Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Інісін бірінші үйлендірген отандық танымал актер шаңырақ көтермекші

Опубликовано:

Отандық әнші Артур Төлепов өзінің қатар өскен інісі Асылханның үйленер алдында өзінен рұқсат сұрағаны жайлы айтып берді деп хабарлайды «Tengrinewskz»-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отандық әнші: Асылхан үйленерден бұрын рұқсат сұрады. Фото:Brod.kz
Отандық әнші: Асылхан үйленерден бұрын рұқсат сұрады. Фото:Brod.kz: UGC

Сондай-ақ, ол келінінің бүгінде өзінің де киімдерін жуып, үтіктеп беретінін алға тартты.

«Алғаш келін түскенде қатты қобалжыдым. Басында қатты ұялатынмын. Өзім үтіктеп жүрдім. Қазір үйреніп қалдым. Кетіп бара жатып, "Айсұлу үтіктеп берші" деп жатамын. Оның үстіне бір үйде тұрғандықтан бұрынғыдай шыға салу жоқ. Бөлмеден киім киіп шығасың», - деп ағынан жарылды әнші.

«Менің ойым, ата-анамның көзі тірісінде келіндерінің сабақ алып қалғаны. Анам бәрін, үнсіз үйретеді. Мәдина мен ойлағаннан да жақсы болып келе жатыр. Ол тамаққа келгенде, пысықтығы, қазақилығы, үлкенді сыйлауымен мені баурап алған. Бұйырса жазда той жасаймыз», - деді Артур Төлепов.

Сонымен қатар, Төлепов өзінің әртістік өмірінде тоқырауға ұшырағандықтан, қазір ізденіс үстінде екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724376-inisin-birinsi-jlendirgen-otandyk-tanymal-akter-sayrak-ktermeksi/

pixel