RU
Шіркеуде Құран сүрелерін айтқан Ердоған христандардың ашуын келтірді
Жаңалықтар Әлемде

Шіркеуде Құран сүрелерін айтқан Ердоған христандардың ашуын келтірді

Рассказать Вконтакте

Түркия президенті Реджеп-Тайып Ердоған бұрынғы провослав шіркеуінде қасиетті Құран сөздерін оқығаны үшін христиандардың ренішіне қалды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Kayhan Ozer/Pool Photo via AP

Kayhan Ozer/Pool Photo via AP

Ердоған Стамбулдағы мұражайға айналған әулие София шіркеуінде сөз сөйлеп, Құран сөздерінен үзінді келтірген. Алайда, Ердоғанның бұл сөзіне халқының 98 пайызы христиандықты ұстанатын гректер қарсылық танытуда.

Түркия президенті өнер фестивалінің ашылу салтанатында сөз сөйледі. Ал бұл шара ұзақ уақыт бойы ірі христиан шіркеуі саналған әулие Софияда өткен болатын. Бүгінде бұл шіркеу мұражайға айналған.

Грекия билігі киелі жерде діни әңгіме айтқан Ердоғанға ашық қарсылығын білдіріп жатыр.

XV ғасырда Осман империясы Константинопольді жаулап алған кезде әулие София шіркеуі де түріктердің қол астына өткен. 1935 жылға дейін бұл жерде мешіт орналасты. Бүгінде бұл мұражайға айналып, ЮНЕСКО-ның қорғауына алынды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір