RU
Ресейдегі қазақ губернаторы балалардың өлімінен соң жалынып кешірім сұрады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ресейдегі қазақ губернаторы балалардың өлімінен соң жалынып кешірім сұрады (видео)

Рассказать Вконтакте

Кемерево облысының губернаторы Аман Төлеев кеше Ресей президенті Владимир Путинге қызметінен кету туралы өтініш жазған еді. Путин оның өз еркімен кету туралы шешімін қанағаттандырып, губернатор қызметінен босатылғаны хабарланды. Ресейдегі қазақ губернаторы алапат өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрап, елге үндеу жолдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ресейдегі қазақ губернаторы балалардың өлімінен соң жалынып кешірім сұрады (видео)

Ресейдегі қазақ губернаторы балалардың өлімінен соң жалынып кешірім сұрады (видео)
Source: UGC

Ол бүкіл өңір "Зимняя вишня" сауда орталығында болған жайтқа қайғырып отырғанын алға тартып, олардың қайғысына бүкіл әлем ортақтасқанын тілге тиек етті.

"Құрметті Кузбасс тұрғындары. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Марқұм болғандардың отбасымен танысып, көмек көрсету жөніндегі барлық мәселені шешуге тырыстым. Тағы да қайғырып көңіл айтамын. Бірақ көз жұмғандарды мәңгі есте сақтау үшін ары қарай өмір сүру керек", - деді ол.
"Құрметті жерлестер! Сіздермен бірге көптеген қиындықтарды бастан кешірдік. Кузбасстағы ереуілден бастап, қазіргі күнге дейін жеттік. Мен осы күнге дейін Ресейдің, облыстың, елдің мүддесіне жұмыс істегенімді айтқым келеді.

Жанымда болғандарыңыз үшін рақмет! Иіліп кешірім сұраймын. Президентке қызметімнен кету туралы арыз жаздым. Ең дұрыс шешім - осы. Мұндай ауыр жүкпен жұмыс істеу мүмкін емес. Алла сіздердің және біздің жерімізді сақтасын!", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
18
1
9
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel