RU
Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 180-нен асып түсті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 180-нен асып түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте балмұздақтан уланған тұрғындар саны екі жүзге жуықтап қалды. Тәтті тағам жеп уланғандар ауруханаға әлі де түсіп жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте

Шымкенттіктердің жаппай балмұздақтан улануына байланысты облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының өзі бұл іске араласып, тиісті ем шараларды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Соңғы екі күннің ішінде дәрігерлер 150-ден аса науқасты аурухана төсегіне жатқызған. Олардың басым бөлігі - балалар.

Дәрігерлер жедел-жәрдеммен ауруханаға түскендердің жағдайы ауыр екенін айтады.

Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны жүз сексеннен асып түсті (фото)

Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны жүз сексеннен асып түсті (фото)

"28-29 наурыз күндері ауруханға 36 адам түсті, 30 наурыз күні 79, 31 наурыз күні 52 адам уланып түскен. Ал бірінші сәуір күні тағы 20 адам келіп түсті. Жалпы, балмұздақтан уланып, ауруханға жатқызылғандардың саны - 188. Барлық науқастың ауруханаға түскенде жағдайы ауыр еді. Дәрі-дәрмек жеткілізілді. Түймебаевтың өзі науқастармен сұхбаттасып, дәрігерлерге тапсырмалар берді", - дейді жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ғалымжан Айнабеков.
Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны жүз сексеннен асып түсті (фото)

Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны жүз сексеннен асып түсті (фото)

Ал «улы» балмұздақ сатушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі аталған іске байланысты тексеру жұмыстарын бастап кетті. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, улы балмұздақ сатқандардың әрекеті дәлелденсе, заңды түрде шара көріледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
2
1
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір