RU
Танымал әнші Бүркіт өзінің жарына өтірік айтатын кезі жайлы жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал әнші Бүркіт өзінің жарына өтірік айтатын кезі жайлы жайып салды

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал әнші Бүркіт өзінің жарына кейде өтірік айтатынын мойындады. Бұл туралы «Если честно» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Танымал әнші Бүркіт өзінің жарына өтірік айтатын кезі жайлы жайып салды. Фото: Kyzylorda-News.kz

Танымал әнші Бүркіт өзінің жарына өтірік айтатын кезі жайлы жайып салды. Фото: Kyzylorda-News.kz

Үшінші сәбиін күтіп жүрген отағасы өзінің келіншегі Аишаның жақсы қасиеттері жайлы сыр шертті.

«Аиша ешқашан өтірік айтқан емес. Ал мен кейде оны ренжітпеу үшін өтірік айтамын. Мысалы, отбасындағы ұсақ-түйек жағдайларға қатысты. Ол түсіністікпен қарайды. Мәселен, Арафат есімді араб қызымен түскен сурет. Ол біздің ортақ танысымыз. Сондықтан артық ой жоқ», - деді Бүркіт.

Сондай-ақ әнші жарының аралас ұлттан екенін де айтып берді.

«Ол Қарағанды облысынан. Менің жарымның қанында орыстың да,өзбектің де, хакастың да қаны бар. Бірақ ол - мұсылман. Мені алғаш еліктіргені де оның сыртқы сұлулығы болды. Бірінші жан-дүниесін ұнаттым деген ер адамдар өтірік айтады», - деді әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
2
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel