RU
Атырауда тепловоз астынан өтпек болған әйелдің жантүршігерлік суреті пайда болды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырауда тепловоз астынан өтпек болған әйелдің жантүршігерлік суреті пайда болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Атырау облысы Жылыой ауданының орталығы Құлсары станциясында күзетші әйел жүк пойызының астына түсіп, қаза тапты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан фото

Оқиға орнынан фото

Қайғылы оқиға 1 сәуір күні таңертеңгі сағат 10:30 шамасында болған.

Алдын-ала болжамға сәйкес, осы станцияда жұмыс істейтін 50 жастағы азаматша жұмысқа барар кезде жолды қысқарту үшін тепловоз астынан өтуді жоспарлаған. Осы кезде тепловоз жүріп кетіп, азаматша екі аяғынан айырылған.

Оқиға орнынан фото

Оқиға орнынан фото

Марқұм күзетші әйелдің артында жолдасы мен екі баласы қалды. Қазіргі таңда қызметтік тексеріс пен ішкі істер органдары тергеу жүрігізіп жатыр.

Станция басшылығы аталмыш оқиғаға байланысты әзірге пікір білдірмеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір