RU
Шымкентте мас күйде көлікке отырған тұрғын туған інісі мен әйелін қағып өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте мас күйде көлікке отырған тұрғын туған інісі мен әйелін қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Шымкент тұрғыны әйелі мен туған інісін көлігімен қағып өлтірді. Туғандарының өліміне себепші болған жүргізушінің не себепті мұндай әрекетке барғаны белгісіз деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: fakty.ictv.ua

Көрнекі фото: fakty.ictv.ua

Сұмдық жағдай 2018 жылдың 26 наурызы күні Алматы –Ташкент –Термез тас жолының Шымкент қаласына қарасты аумағында болған. Көлікті мас күйде жүргізген азамат әйелі мен туған інісін көлігімен қағып кеткен.

Салдарынан 1962 жылғы азамат пен 1961 жылғы азаматша, яғни жүргізушінің әйелі мен туған інісі оқиға орнында қаза тапты.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізген. Жұбайы мен туған інісін өлтірген жүргізуші қазір қамауда.

Сонымен қатар, күдіктінің мас күйде көлік жүргізгені анықталған.

"Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Арнайы сараптамалар тағайындады", -деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
12
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel