RU
Қазақстандағы Forbes редакциясында тінту жұмыстары жүріп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандағы Forbes редакциясында тінту жұмыстары жүріп жатыр

Рассказать Вконтакте

Forbes журналының редакциясында тінту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы басылымның бас редакторы Асқар Аукенов әлеуметтік желідегі парақшасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сурет желіден алынды

Көрнекі сурет желіден алынды

Өзінің Facebook парақшасына ол «бізде тінту жүріп жатыр» деп жазған.

Оған қоса, саясаттанушы Талғат Қалиев Telegram каналында бас редактор орынбасарының тұтқындалғанын хабарлады.

«Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Форбс Қазақстан редакциясында тінту жұмыстары жүріп жатыр. Білуімізше, бас редактор орынбасары Александр Воротилов тұтқындалған. Жүріп жатқан тергеу жұмыстарының себеп-салдары әзірге белгісіз», - деп айтты Қалиев.

Forbes.kz сайтының бас редакторы Анастасия Новикова:

«Сағат 12:30 шамасында редакцияға Алматы қаласының ІІД-нің тергеу бөлімінің полицейлері келіп, тінту жүретінін хабарлады. Алайда рұқсат қағазын суретке түсіріп, оны оқып шығуға мүмкіндік бермеді. Барлық журналистер қазір өз орындарында отыр. Олардың ұялы телефондары тәркіленіп алынды. Рұқсат қағазын қарап ала алмағанымыздан, тергеу жұмыстарының себебінен бейхабармыз», - деп мәлімдеді.

Редактордың айтуынша, компанияның заңгері де қазір редакцияда болса керек. Айта кетейік, Анастасия Новикова бас редактор орынбасарының тұтқындалғанын әлі растаған жоқ.

Forbes Kazakhstan басшысы Арманжан Байтасов бас редактор орынбасары Александр Воротиловты қалалық ІІД-нің жедел тобы алып кеткенін хабарлады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel