RU
Шымкентте колледж меңгерушісі алты мың доллар тұратын алқасынан айырылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте колледж меңгерушісі алты мың доллар тұратын алқасынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте сәуірдің бірінен екісіне қараған түні қарақшылар Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына қарасы колледж ғимаратын тонап кеткен. Бұл туралы Отырар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Шымкентте колледж меңгерушісі құны алты мың доллар тұратын бриллиант алқасынан айырылып қалды

Шымкентте колледж меңгерушісі құны алты мың доллар тұратын бриллиант алқасынан айырылып қалды

Колледж заңгерінің сөзінше, қарақшылар бағалы әшкей заттар мен 3 млн 80 мың теңгені қолды қылған.

Ал қаскөйлер күзет пен және 20-дан аса бейнебақылау камерасы қойылған ғимаратқа жертөле арқылы кіріп, екінші қабатқа көтерілген. Сөйтіп, темір есікпен жабылған кассаны газ дәнекерлеуші құралдың көмегімен ашқан.

Алайда сейфте қаржы болмай шыққан. Бұдан кейін қарақшылар колледж меңгерушісінің кабинетінің есігін сындырып, сол жердегі сейфті бұзған. Олардың бақытына орай сейф те құнды заттар болған.

Заңгердің сөзінше, сейфте меңгерушінің әрқайсысы 1000 АҚШ доллары тұратын қымбат сағаттары, құны алты мың доллар тұратын гаухар тасты алқасы мен 200 мың теңге ақшалай қаржысы болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
3
2
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel