Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясында әйелдерге өздігінен киім таңдауға рұқсат берілді

Опубликовано:

Сауд Арабия ханзадасы Мұхаммед Ибн Салман әл Сауд әйелдер қауымының өздерін еркін сезінуі үшін көп тырысты. Жақын арада берген сұхбатында ол қара абайяның әмірлікте рұқсат етілген жалғыз киім еместігін айтты деп хабарлайды woman.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Оның айтуынша, өне-бойын тұмшалап тұратын қара түсті абайя әйелдер киетін жалғыз киім үлгісі емес.

Шариғат заңдарына сәйкес, әйелдер қауымы да ерлер сияқты жабық әрі қарапайым киініп жүруі тиіс. Алайда, бұл жалғыз абайя мен хиджаб қана кию керек дегенді білдірмейді дейді ханзада.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Таңдау еркіндігі әйелдерге тиесілі, бастысы - шариғат заңдары бұзылмаса болғаны.

Мұхаммед Ибн Салман әл Сауд өзінің либералды көзқарастарымен танымал. Ол әйелдерге қоғамдық спорттық шараларға қатысу мен көлік айдауға рұқсат еткен алғашқы ханзада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1724447-saud-arabiasynda-jelderge-zdiginen-kiim-tadauga-rksat-berildi/

pixel