RU
Өмірін өзгерткісі келген отандық әнші аты-жөнін өзгертіп тастады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Өмірін өзгерткісі келген отандық әнші аты-жөнін өзгертіп тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Диана Шарапова өзінің аты-жөнін өзгертіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық әнші Диана Шарапова өзінің аты-жөнін өзгертіп тастады. Фото: Instagram

Отандық әнші Диана Шарапова өзінің аты-жөнін өзгертіп тастады. Фото: Instagram

Әнші алдағы уақытта Динара Шәріпова есімімен өнер көрсетпек. Бұл жайында әнші Instagram парақшасында жазба қалдырып, оқырмандарын таңғалдырды.

Өнер иесі өмірінде өзгеріс қалағандықтан, есімін ауыстыруға шешім қабылдаған.

«Құттықтасаңыздар болады. Мен бұдан былай Динара Шәріповамын. Шарапова фамилиясы мен үшін ерсі көрінетін сияқты. Ағылшын тілінен аударғанда «шатап» (shut up), «шарап» – аузыңды жап дегенді білдіреді екен», - деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары «Мұныңыз жаңалық болды», «Барлығы бұрынғы есіміңізге үйреніп қалды емес пе?», «Ескі аты-жөніңіз жақсы жарасатын еді» деп пікір білдірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір